Блогшылар "Нысанаға" ілікті

Керекинфода “ Блогшылар “ Азаттыққа” шықты” деген тақырып болған еді… Қарап жүрмей, “ Нысанаға” да ілігіпті “құрғырлар”. Әрине, осы аттас әзіл отауының емес, “ Жетінші арнадағы” жұлымыр бағдарламаның нысанасына…

Әрі қарай

Barcamp Central Asia 2011 қатысасың ба?


Тіркелу басталды.

Біздің блог құрылтай сияқты. Бірақ ауқымдырақ шара.

Қатысқың келсе, сайттарын ашып, тіркелу керек.

пысы. Үйлестірушісі емеспін. Сұрақтарды сол жаққа қойған орынды болар. Егер қазақша презентация жасаймын дейтіндер көп болса, өз алдына бөлек секция жасауға болатынын ғана білемін.
Әрі қарай

Құрылтайда ісім, Құрылдайды... ішім

“ Ең жиі жаңаланатын блог” деген аталымда жеңген соң, бір апта ішіп кетіп (не деп ойладыңыздар, наурыз көже ғо), Қазақстан картасының астынан үстіне жылжып қайтыппын. Қысқасы, пернегитарам қолыма түскенше, ел-жұрт пергілеп жазып жіберіпті. Блогкэмп тақырыбын табуреткамен ұрғансыздар ма, талдырғансыздар ма, очм асқан қатігездікпен жазалапты, тойыс жазған деседі. Аққан сөзге ауызы былғанбағанды сүгіретпен, суреті ұнамағанды сөзбен сұлатқан деседі оқиға орнында болған куәгерлер. “ Жазар дым жоқ” дейің деп жіберейін деп (аморфты көкбақа сөйлем) тұрып, “ Тұлпар аунаса, түк қалады” деген мақалдан асып түсе алмадым.
Әрі қарай

Блог құрылтай бітіп қалды ма?

Білмеймін. Жұрт жазып жатыр, жазып жатыр. Ал мен компты ашып, ішіндегі Blogcamp деген папканы көрген сайын млмл (© altygradus) боламын.



Жұрт қатарлы неге маған бұл құрылтай әдемі болып көрінбейтініне таңмын. Келгендердің барлығы шынымен де көзге абажадай болып көрінген кемшіліктерді байқамағаны ма деймін. Әлде шынымен де жұрт айтқандай бәрі тамаша өтті ме… Общым, мен әлі түсінген жоқпын.
Әрі қарай

Бізден бір қалған Блогкемп…



Бірнеше ай болды Блогкемптың логотипі секілді қызылды-жасылды өмір сүргенімізге. Екі күндік шара ептеп түсімізге кіріп, есімізден енді айырып бара жатыр еді, Құдай оңдап өтіп тынды. Еңбегіміз ел қатарлы сіңе қоймаса да, ертеңді-кеш тілеуін тілеп, тақымымызды қысып жүрген соң, құрылтайдың қисаймай, аман-есен өтуін шын көңілден тіледік. Тілегіміз орындалған секілді. Әйтеуір, мен сөйлескен жұрт ырза.

Әрі қарай

Блогкемптың суреттері

Қорытынды жазба жазсам ба деп отырып едім. Бірақ, әлдененің (әлде әлдекімнің) әсерімен бүкіл жинақтаған ойымның бышыты шықты. Сондықтан Сіздерге әзірге фоторепортаж бере отырайын.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов тіркелуде, ал Монғолиядан келген Өмірбек кезекте тұр.
Әрі қарай